7Е Технология
7Е001 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А, 7В немесе 7D тармақтары бойынша бақыланатын жабдық немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге» арналған «технологиялар».
7Е001
7Е002 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А немесе 7D тармақтары бойынша бақыланатын жабдықты» өндіруге» арналған «технологиялар».
7Е002
7Е003 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А001-ден 7А004-ті қоса алғанға дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын жабдықты жөндеуге, күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге арналған «технологиялар».
Ескерту: 7Е003 тармағы бойынша бірінші және екінші деңгейлер бойынша техникалық қызмет көрсету сипаттамасында азаматтық ұшақтарға арналған тез ауыстырылатын блоктарды (ТЭЗ) немесе КДЗДРМ-дарды калибрлеумен, бөлшектеумен немесе ақаулы немесе пайдалануға жарамсыздарын ауыстырумен тікелей байланысты «Технологияларға» техникалық қызмет көрсету бақыланбайды.
Айрықша ескерту: 7В001 тармағына Техникалық ескертуді қараңыз.
7Е003
7Е004 Басқа «технологиялар», олар мынадай:
а. Төменде көрсетілгендерді «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технология»:
1. 5 МГц-дан жоғары жиілікте жұмыс істейтін борттық автоматтық пеленгациялық жабдықтар;
2. Үстірт статистикалық деректерге ғана негізделген әуе-ақпараттық жүйелер, яғни, стандартсыз әуе сынамаларынсыз бола алатын жүйелер;
3. Растровтық үлгідегі бастиектік проекциялық дисплейлер немесе «ұшу аппараттарына» арналған үш өлшемді дисплейлер;
4. 7А001 немесе 7А002 тармақтары бойынша бақыланатын, құрамында акселерометраттар немесе гироскоптар бар инерциялық навигациялық жүйелер немесе гирастрокомпастар;
5. «Ұшуды тікелей басқару» үшін арнайы әзірленген электрлі атқарушы тетіктер (яғни электромеханикалық, электрогидростатистикалық және интеграциялық атқарушы блоктар);
6. «Ұшуды басқарудың белсенді жүйелерінде» қолдану үшін арнайы әзірленген «ұшуды басқару жүйелерінің оптикалық берушілерінің тобы»;
b. «ұшуды басқарудың белсенді жүйелерін» «әзірлеу» «технологиялары» (сымдар немесе сигнал беру белгісі бойынша басқарылатын ұшу қамтылады):
1. «Уақыттың нақты шамасындағы» басқару заңдарын іске асыруға мүмкіндік беретін микроэлектрондық көптеген есептеу элементтерінің байланыстыру үшін конфигурацияны жобалау;
2. Басқарудың өлшегіш бергішінің немесе ұшу аппараты каркасының динамикалық жүктелімінің орналасуына байланысты өтем, мысалы, бергіштің тербеліс фонының немесе салмақ орталығына қатысты бергіштер орналасуы ауытқуының өтемі;
3. Қателерді айқындау, істен шығуға бекемділікті қамтамасыз ету, қателерді жою немесе оны қайта конфигурациялау үшін шамадан тыс мәліметтерді немесе жүйелер резервін электронды басқару;
Ескерту: 7Е004.b.3. тармағы бойынша табиғи шамадан тысты жобалау «технологиясы» бақыланбайды.
4. Уақыттың нақты шамасындағы ұшуда күш құрылымын және сәттерін дербес өзгертуге мүмкіндік беретін ұшу аппараттарын басқару;
5. Ұшуды басқарудың сандық жүйелерін, навигация жүйелерін және «ұшуды жалпы басқарудың» сандық жүйесіндегі қозғағыштарды басқару жүйелерінің деректерін интеграциялау;
Ескерту: 7Е004.b.5. тармағы бойынша:
а. «Ұшудың траекториясын оңтайландыруға» арналған ұшуды басқарудың цифрлық жүйесіне біріктірілген ұшуды, навигацияны басқарудың және қозғағыштың деректерін бақылаудың интеграцияланған цифрлық жүйесін «әзірлеу» «технологиялары»;
b. Тек қана СВЧ-диапазонды барлық бағыттағы радиомаякқа, алысты өлшеу аппаратураларына, «керместен» қондыру жүйесіне, СВЧ-диапазонының қондыру жүйесіне немесе қонуға төмендеу жүйесіне арналған навигацияның «авиациялық» құралдарын «әзірлеу» «технологиялары»;
6. Ұшуды цифрлық басқарудың толық жүйесі немесе «сараптық жүйелерді» пайдаланушы жүйелерді басқарушылардың жұмысын ұйымдастырудың көпжақты бергіштік жүйесі;
Айрықша ескерту: Қозғағыштарды басқарудың толық автономды электрондық-сандық жүйелері (ФАДЕК) үшін 9Е003.а.9 тармағын қараңыз.
с. Мынадай тікұшақ жүйелерін «әзірлеуге» арналған «технология»:
1. Мынадай функциялардың ең болмағанда екеуін бір басқарушы элементке біріктіретін сымдар немесе жарық беру белгісі бойынша басқарудың көпкоординатты құралдары:
а. Жетекші винтпен басқару;
b. Айналдыммен басқару;
с. Алмастырумен басқару;
2. «Бағытталған қозғалыс кезінде айналдыру сәтімен және бұрау күшімен басқару жүйелері»;
3. Қалақтармен басқарылатын жүйелерге арналған «аэродинамикалық бейіндердің ауыспалы геометриясымен» айналатын қалақтар.
7Е104
7Е101 Жалпы техникалық ескертуге сәйкес, 7А001-дан бастап 7А006-ны қоса алғандағы, 7А101-ден бастап 7А106-ны қоса алғандағы, 7А115-тен бастап 7А117-ні қоса алғандағы, 7В001, 7В002, 7В003, 7В102, 7В103, 7D101-ден бастап 7D103-ті қоса алғандағы тармақтарға сәйкес бақыланатын жабдықты «пайдалануға» арналған «технологиялар».
7Е101
7Е102 Авиациялық электроникаларды және электрлік кіші жүйелерді электромагниттік импульстар мен сыртқы көздердің электромагниттік кедергілерінен қорғауға арналған «технологиялар»
а. Қорғау жүйелерін жобалау «технологиясы»;
b. Электр схемалары мен кіші жүйеден қорғалған конфигурацияларды жобалау «технологиясы»;
с. 7Е102.а. және 7Е102.b. тармақтарында пайдаланылған қорғау өлшемдерін айқындау «технологиясы».
7Е102
7Е104 Ракеталық жүйелер траекториясын оңтайландыруға арналған ұшуды басқару жүйесіне ұшуды, бағыттауды және қозғалыс бойынша мәліметтерді интеграциялау «технологиялары»;
7Е104
8-Санат
Теңіз ісі
8А Жүйелер, жабдық және компоненттер
8А001 Мыналар секілді су асты аппараттары және су беті кемелері:
Ескерту:
Су асты аппараттары жабдықтарының бақылау мәртебесін бағалау үшін қараңыз:
5-санат, 2-бөлім «Ақпаратты қорғау» - шифрланған ақпаратты беру құралдарына арналған;
6-санат - беру құралына арналған;
7 және 8-санаттар - навигациялық жабдықтарға арналған;
8А-санаты - су асты жабдықтарына арналған.
а. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзеге арналып жобаланған, адамның басқаруы арқылы жүзетін, сымдар арқылы басқарылатын су асты аппараттары;
b. Келесі сипаттамалардың кез келгенін ие, адамның басқаруы арқылы жүзетін, сымдар арқылы басқарылмайтын су асты аппараттары;
1. «автономиялы жүзу» үшін жобаланған және жүк көтергіштігі бар:
а. 10% немесе олардың өз салмағынан (ауадағы салмағы) көп; және
b. 15 кН немесе одан көп;
2. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзу үшін жобаланған; немесе
3. Мынадай сипаттамалардың барлығына ие:
а. Төрт адамнан немесе одан көп адамнан тұратын экипаждар үшін жобаланған;
b. 10 сағат бойы немесе одан да көп уақыт ішінде автономиялы жүзу үшін жобаланған;
с. Іс-қимыл радиусы 25 теңіз милі немесе одан көп;
d. Ұзындығы 21 м немесе одан аз;
Техникалық ескерту:
1. 8А001.b. тармағына қатысты «автономиялы жүзу» аппараттардың шнорхелсіз толық тереңдегенін, олардың барлық жүйелері жұмыс істейтінін және ең аз жылдамдықпен жүзуді қамтамасыз ететінін білдіреді, мұнда бату тереңдігі бойынша қажетті динамикаларды ескере отырып, су бетіндегі кеменің қатысуынсыз немесе су бетіне көтерілуі кезінде базалық қолдаусыз, тек тереңдік рулін пайдаланумен теңіз түбінде немесе теңіз жағалауында тереңдеуді қауіпсіз басқаруға болады. Аппараттардың су астындағы және су бетіндегі жағдайда жүру үшін қозғаушы жүйесі болады.
2. 8А001.b. тармағына қатысты «іс-қимыл радиусі» су асты аппараты алатын ең ұзақ арақашықтықтың жартысын құрайды.
с. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзу үшін жобаланған, адам басқармайтын, сымдар арқылы басқарылатын, мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие су асты аппараттары:
1. 8А002.а.2. тармағына сәйкес бақыланатын, қозғағыштарды немесе тарту қондырғысын пайдалана отырып өздігінен жүретін маневр жасау үшін әзірленген; немесе
2. Деректерді берудің талшық-оптикалық желісі бар;
d. Адам басқармайтын, сымдар арқылы басқарылмайтын, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие су асты аппараттары:
1. Адамның қатысуынсыз уақыттың нақты шамасындағы кез келген географиялық бағдардың бағытын салуға қол жеткізу міндеттерін шешу үшін әзірленген;
2. Акустикалық деректерді немесе нұсқауларды беру арнасы бар; немесе
3. 1000 метрден астам ұзындық бойынша деректер берудің талшықты-оптикалық желісі немесе нұсқауларды беру желісі;
е. 250 метрден асатын тереңдіктегі объектілерді құтқаруға арналған және мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие, көтеру күші 5 МН-дан астам мұхиттағы құтқару жүйесі:
1. Навигациялық жүйе белгілейтін берілген нүктеге қатысты 20 м шегінде тұрақтандыруға қабілетті жағдайларды динамикалық басқару жүйелері; немесе
2. Берілген нүктеге қатысты 10 м шегіндегі қалыпты қабылдау дәлдігімен 1000 метрден асатын тереңдікке арналған су түбіндегі навигациялар мен навигациялық интеграция жүйелері;
f. Әуе көпшілікті (үстіңгі конфигурациясы толық өзгерген), мынадай сипаттамалардың барлығына ие амфибиялық кемелер:
1. Жүк толық тиелген кездегі 30 тораптан астам толқынның биіктігі 1,25 м (теңіздің 3-жағдайы) немесе одан көп жағдайдағы ең көп жобалы жылдамдық;
2. 3830 Па-дан астам амортизациялық қысым; және
3. Жүк тиелмеген және жүк толық тиелген кеменің су ығыстыруының арақатынасы 0,70-тен кем;
g. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 40 узел немесе одан асатын ауа көпшілікті (үстіңгі конфигурациясы өзгермейтін) амфибиялық кемелер;
h. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 40 узел немесе одан асатын, қанатын автоматты басқаруға арналған белсенді жүйелері бар су асты қанаттары бар кеме;
і. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие, «ватерлинии жазықтығының алаңы шағын кемелер»:
1. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 35 узел немесе одан асатын, су ығыстырғыштығы 500 тоннадан асатын; немесе
2. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 4 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 25 узел немесе одан асатын, су ығыстырғыштығы 1500 тоннадан асатын;
Техникалық ескерту:
«Ватерлинии жазықтығының алаңы шағын кеме» мына формула бойынша анықталады: су ығыстыруының операциялық жобалы батуы кезінде 2 х-ден кем болатындай белгілі жағдайдағы ватерлинии жазықтығының алаңы (су ығыстыруының операциялық жобалы батуы)
8А002 Мыналар секілді жүйелер немесе жабдықтар:
Ескерту: Су асты байланысы жүйелеріне қатысты 5-санаттың Телекоммуникациялар деген 1-бөлімін қараңыз.
а. 1000 метрден асатын тереңдікке жүзу үшін жобаланған, су асты аппараттарына арналған арнайы әзірленген немесе модификацияланған жүйелер мен жабдықтар, олар мынадай:
1. Камераларының ең үлкен ішкі диаметрі 1,5 метрден асатын, жоғары қысымға төтеп беруге қабілетті үй-жай немесе корпус;
2. Тұрақты ток электр қозғағышы немесе тарту құрылғылары;