Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 29 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2013 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
2. Қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақы төлемінің мөлшері бекітілсін.
3. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 451-002-100 «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша осы мақсаттарға қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Қоғамдық қызметкерлердің еңбекақы төлемі «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері есебінен жүргізілсін.
5. Қоғамдық жұмыстардың шарттары 5 (бес) күн ұзақтығымен, екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) жұмыс аптасы, сегіз сағаттық жұмыс күні, 1 (бір) сағат түскі үзіліс белгіленеді, еңбек жағдайларын ескеріп, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шарттарымен көзделген жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолданылады.