«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 220 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 370 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері» мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
«Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы қатысушы үшін 5 %-ды құрауы тиіс, бұл ретте құрал операторының бюджеттік кредит пен өзге де қорландыру құралдарының арасалмағы 80/20 құрауы тиіс. Осы талаптар 2011 - 2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.»;