2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а 2013 жылғы 26 маусымдағы № 274-Ө-М бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 462-ө-м бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.