«Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 124-ө бұйрығы (күші жойылды)

Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 124-ө бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларының 7 және 8-тармақтарына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қосымшаға сәйкес Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысаны бекітілсін.

2. «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 365-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілізімінде № 8201 тіркелген, 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 16-20 (27959) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.