Мақта қолхатының нысанын (үлгісін) және сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 15-07/185 бұйрығы
(2016.28.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мақта қолхатының нысаны (үлгісі) және сипаттамасы бекітілсін.
2. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (Хасенов С.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.