Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 Қаулысы
(2025.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2022.26.10. № 850 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.