«Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 267 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 267 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5612 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 5, 2009 жыл, 344-бап) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілікті жасау мен ұсынудың ережесінде:

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің енгізген өзгерістеріне сәйкес өзінің бюджеттік есептілігінің данасына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап 10 күн ішінде өзгерістер енгізеді.»;

9-тармақ:

екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мекемелерде бюджеттік есептілік электронды түрде және қағаз тасығышта атауы бар және беттері нөмірленген түрінде ұсынылады.»;

төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік есептілікті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджетті атқару жөніндегі ақпарат жүйесі арқылы ұсынады (бұдан әрі - АЖ). Есеп берілген күн оны АЖ арқылы берген күн болып есептеледі.»;

12-тармақтың екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші бөлігі алынып тасталсын;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.