Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 Қаулысымен бекітілген
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттік қызмет стандарты
Осы редакция 2013 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) барлық типтегі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі - МДҰ) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 4) тармақшасының және 14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекетті қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап - кемінде 30 минут уақытты құрайды.
2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минуттан артық емес.
3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты - кемінде 30 минутты құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет МДҰ-ға өтініш жасаған жағдайда МДҰ басшысы белгілеген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет МДҰ ғимаратында, тікелей басшының кабинетінде көрсетіледі.