Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1266 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.