«Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 маусымдағы № 134 шешімі (күші жойылды)

Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 маусымдағы № 134 шешімі

 

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 321 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 09 қазандағы «Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» № 136 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2009 жылы 12 қарашада № 2-1-105 нөмірімен тіркелген, «Талдықорған» газетінің 2009 жылғы 20 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.