«Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі № 12/123 шешімі

Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі № 12/123 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 106 бабы 2 тармағының 4), 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 2 шілдедегі № 11/164 «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 9 шілдеде № 2266 болып тіркелген), сондай-ақ Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 02-17-4992 ұсынысы мен Ақтау қаласы прокуратурасының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 2-110128-13-03579 наразылығына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013 - 2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 2186 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2013 - 2015 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 15 261 078,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 8 578 243,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 541 891 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 629 074 мың теңге;

трансферттер түсімі - 5 511 870 мың теңге;

2) шығындар - 15 950 343,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 147 500 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 6 147 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.