«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 241 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.
Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.»;
11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10)-сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан;
2) 11 (12)-сыныптардың білім алушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе мемлекеттік бітіру емтихандары.