Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолияның Үкіметі арасындағы автомобиль
көлiгiмен халықаралық жолаушылар мен жүктердi тасымалдау туралы
келісім
(Ұланбаатор қ., 1993 жылғы 22 қазанда)
ҚР Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 20 шiлдедегі № 822 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолия Үкіметі,
өзара тиiмдi әр тарапты қатынастардың қолайлы дамуын еске ала отырып,
екi ел арасындағы автомобиль қатынасын, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы өтетiн транзиттi одан әрi дамытуға ұмтыла отырып,
мына төмендегi жайында келiстi:
Халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашылған жолдармен, Қазақстан Республикасында немесе Монғолияда тiркелген автокөлiк құралдарымен олардың аумақтары арқылы транзитпен екi ел арасында жолаушылар (туристердi қоса есептегенде) мен жүктердi тұрақты және тұрақты емес түрде тасымалдау осы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
I. Жолаушыларды тасымалдау
1. Жолаушыларды автобустармен тұрақты түрде тасымалдау Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары арасындағы келісім бойынша ұйымдастырылады.
2. Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары жолаушыларды тұрақты түрде тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұсыныстарын бiр-бiрiне күнi бұрын берiп қояды. Бұл ұсыныстарда тасымалдаушының атауы, жол жүру маршруты мен кестесi, тариф, тасымалдаушы жолаушыларды отырғызатын және түсiретiн аялдама пункттерi, сондай-ақ тасымалдауды орындаудың белгiленген кезеңi мен тұрақтылығы жөніндегі деректер қамтылуға тиiс.
1. Екi ел арасында жолаушыларды автобустармен тұрақты емес немесе олардың аумақтары арқылы транзитпен тасымалдауды, осы Келісімнiң 4-бабында қарастырылған тасымалдауларды қоспағанда, жүзеге асыру үшiн Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары беретiн рұқсат талап етiледi.
2. Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары олардың аумақтары арқылы өтетiн жол телiмiне рұқсат беретiн болады.
3. Жолаушыларды автобуспен тұрақты емес тасымалдаудың әрқайсысына бiр рейстi сонда және керi қарай жасауға құқық беретiн, егер бұдан басқасы рұқсаттың өзiнде көрсетiлмеген болса, жеке рұқсат берiлуi тиiс.
4. Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары жыл сайын бiр-бiрiне жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау үшiн рұқсат бланкiлерiнiң өзара келісілген санын берiп отырады. Бұл бланкiлерде рұқсат берген құзiреттi органның мөрi мен қойылған қолы болуға тиiс.
5. Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары өзара рұқсаттардың бланкiлерiн алмасу тәртібін келiседi.
Бұзылған автобусы басқа автобуспен ауыстырғанда осы Келісімнiң 3-бабында көрсетiлген рұқсаттар қажет емес.
5-бап
1. Екi ел арасындағы немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен жүк тасымалдау, осы Келісімнiң 6-бабында қарастырылған тасымалдауларды қоспағанда, тiркемесi бар немесе оларсыз жүк автомобильдерiмен немесе жартылай тiркемесi бар тягачтармен Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары берген рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жүктердi тасымалдаудың әрқайсысына бiр рейстi сонда және керi қарай жасауға құқық беретiн, егер бұдан басқасы рұқсаттың өзiнде көрсетiлмесе, жеке рұқсат берiлуi тиiс.
3. Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары жыл сайын бiр-бiрiне жүк тасымалдауға рұқсат беретiн бланкiлердiң өзара келісілген санын бередi.
Бұл бланкiлерде рұқсат берген құзiреттi органның мөрi мен қойылған қолы болуға тиiс.
4. Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары рұқсат бланкiлерiн алмасу тәртібін өзара келiседi.
1. Осы Келісімнiң 5-бабында көрсетiлген рұқсаттар:
а) жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған жәдiгерлердi, жабдықтар мен материалдарды;
ә) көлiк құралдарын, жануарларды, сондай-ақ спорттық iс-шараларын өткiзуге арналған әр түрлi жабдық пен мүлiктi;
б) театрлық сәндi бұйымдар мен реквизиттi, музыка аспаптарын, кино түсiру, радио және телевизия хабарлары үшiн қажет жабдықтар мен керек-жарақ бұйымдарды;
в) қайтыс болғандардың мүрдесi мен күлiн;
г) почтаны;
ғ) бүлiнген автокөлiк құралдарын;
д) қайта көшкендегi жылжымалы мүлiктi;
е) осы Келісімнiң 7-бабына сәйкес тасымалдауға арнайы рұқсат алынған жүктердi;
ж) табиғи апат жағдайында көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықтар мен дәрi-дәрмектердi тасымалдауларды орындау үшiн талап етiлмейдi.
Сондай-ақ техникалық көмек көрсететiн автомобильдердiң жүруi үшiн рұқсат талап етiлмейдi.
Осы бапта көрсетiлген тасымалдауларды орындайтын автокөлiк құралында осы автокөлiк құралы тiркелген елдiң тасымалдау құжаты болуға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағындағы а), ә), б) тармақшаларында көрсетiлген ерекшелiктер автокөлiк құралы тiркелген елге жүк қайтарылғанда немесе егер жүк үшiншi бiр елдiң аумағына тасымалданатын жағдайларда ғана күшiне енедi.
1. Егер жүксiз немесе жүкпен кетiп бара жатқан автокөлiк құралының көлемi мен салмағы екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында белгiленген нормалардан асып кетсе, сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдауда тасымалдаушы екiншi Уағдаласушы Тараптың құзiреттi органдарының арнайы рұқсатын алуға тиiстi.
2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған рұқсат автокөлiк құралының белгiлi бiр маршрутпен қозғалысын қарастырса, тасымалдау тек осы маршрутпен ғана жүзеге асырылуы тиiс.
8-бап
1. Тасымалдаушыға екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында орналасқан екi елдi мекеннiң арасында жолаушылар немесе жүктердi тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
2. Тасымалдаушы екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағынан үшiншi бiр елдiң аумағына, сондай-ақ үшiншi бiр ел аумағынан екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына, егер ол осыған екiншi Уағдаласушы Тараптың құзiреттi органынан арнайы рұқсат алған болса, тасымалдауды жүзеге асыра алады.
1. Осы Келісімде қарастырылған тасымалдауларды өз елiнiң iшкi заңдарына сәйкес халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат алған тасымалдаушылар ғана орындай алады.
2. Халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарында өз елiнiң тiркеу және айырмашылық белгiлерi болуы керек.
Уағдаласушы Тараптардың арасында олардың аумақтары бойынша қару-жарақтарды, әскери жабдықтарды, жарылғыш материалдарды және Тараптардың iшкi заңдарымен тыйым салынған басқа да қауiптi және зиянды заттарды тасымалдауға, сондай-ақ транзитiне тыйым салынады.
Осы Келісімде қарастырылған жүктердi тасымалдау нысаны жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық үлгiге сай келуге тиiстi ұлттық нақтама қағаздар бойынша жүзеге асырылуға тиiс.
1. Автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде өзi басқарып отырған автокөлiк құралының санатына сәйкес келетiн ұлттық немесе халықаралық жүргiзушiлер құқығы және автокөлiк құралына ұлттық тiркеу құжаттары болуы тиiс.
2. Осы Келісімнiң ережелерiне сәйкес талап етiлетiн рұқсат пен басқа құжаттар олардың қатысы бар автокөiлк құралында болуға тиiс және құзiреттi бақылау органдарының талабы бойынша көрсетiлуге тиiс.
Осы Келісімде қарастырылған жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты практикалық мәселелер Уағдаласушы Тараптардың тасымалдаушыларының арасында тiкелей реттеле алады.
Осы мақсатта тасымалдаушылар Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдарының келісім бойынша екiншi Уағдаласушы Тараптардың аумағында өздерiнiң өкiлдiктерiн аша алады.
Екi ел арасындағы жолаушылар мен жүктi халықаралық тасымалдау және олардың аумағы бойынша транзитпен тасымалдау тарифi Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдарымен келісіледi. Тасымалдаулар үшiн есеп айырысулар үкiметаралық Төлем келісімiне және екi Тараптың Ұлттық банкiлерiнiң арасында жасалған келісімге сәйкес жүргiзiледi.
Осы Келісімнiң негiзiнде Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң тасымалдаушылары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағы бойынша жүзеге асыратын жолаушылар мен жүктердiң тасымалдаулары, сондай-ақ осы тасымалдауларды орындайтын автокөлiк құралдары осы Келісімде қарастырылған, жолдарды пайдалануға немесе күтуге, автокөлiк құралдарын иеленуге немесе пайдалануға берiлетiн рұқсаттарға байланысты салықтар мен алымдардан, сондай-ақ тасымалдаудан алынатын кiрiстер мен табысқа салынатын салықтар мен алымдардан босатылады.
Осы Келісімнiң негiзiнде тасымалдаулар осы тасымалдауларды орындайтын автокөлiк құралының әрқайсысының азаматтық жауапкершiлiгiн алдын ала мiндеттi сақтандырған жағдайда жүзеге асырылады.
Шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты Уағдаласушы Тараптардың екеуi қатысушылары болып табылатын көп жақты және екi жақты халықаралық шарттар мен келісімдерде реттелмеген мәселелердi шешуде Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының iшкi заңдары қолданылады.
Қатты ауырған адамдарды тасымалдау, жолаушыларды тұрақты түрде тасымалдау кезiнде, сондай-ақ малды, тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдағанда шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау кезектен тыс жүзеге асырылады.
1. Осы Келісім негiзiнде тасымалдауды орындау кезiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына апарылатын мына төмендегi заттар кедендiк алымдардан, баж салықтарынан және рұқсаттардан өзара босатылады:
а) технологиялық және конструкциялық жағынан қозғалтқышты қоректендiру жүйесiне байланысты, автокөлiктiң әрбiр моделiне арналған ыдыстардағы жанармай,
ә) тасымалдау кезiнде пайдалануға қажеттi мөлшердегi жағар материалдар,
б) халықаралық тасымалды орындайтын автокөлiк құралын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен аспаптар.
2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер керi әкетiлуге тиiс, ал ауыстырылған қосалқы бөлшектер тиiстi Уағдаласушы Тараптың аумағында белгiленген тәртiп бойынша елден әкетiлуi немесе жойылуы, немесе тапсырылуы қажет.
Уағдаласушы Тараптар осы Келісімде көзделген тасымалдардың жүзеге асырылуын жеңiлдететiн шаралардың бәрiн қолдануға тиiс.
Осы Келісім бұзылған жағдайда бұзылуға жол берген елдiң құзiреттi органы бұзылу болған елдiң құзiреттi органының өтiнiшi бойынша осы Келісімнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды қабылдауға тиiс.
Тасымалдаушы елдiң құзiреттi органы екiншi елдiң құзiреттi органына қабылданған шаралар туралы хабар бередi.
Осы Келісімнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатымен Уағдаласушы Тараптардың құзiреттi органдары тiкелей қарым-қатынас жасалуын жүзеге асырады. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң ұсынысы бойынша, жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға арналған рұқсаттар жүйесiне байланысты мәселелердi шешу үшiн кеңестер өткiзедi, сондай-ақ берiлген рұқсаттарды пайдалану туралы тәжiрибе мен ақпарат алмасады.
23-бап
Осы Келісімде, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын көп жақты және екi жақты халықаралық шарттар мен келісімдерде реттелмеген мәселелер Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының iшкi заңдарына сәйкес шешiледi.
Уағдаласушы Тараптар осы Келісімдi түсiндiру мен қолдануға байланысты тууы мүмкiн даулы мәселелердiң бәрiн келiссөздер мен консультациялар арқылы шешетiн болады.
Осы Келісім жасалған басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Уағдаласушы Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.
1. Осы Келісім Уағдаласушы Тараптар оның күшiне кiруi үшiн қажеттi заң процедураларының әрбiр елде орындалғаны туралы бiр-бiрiн дипломатиялық арналар арқылы хабардар еткен кезде күшiне енедi.
2. Келісімге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын Атқару және Қосымша хаттамалары қоса берiледi.
3. Осы Келісім белгiсiз мерзiмге жасалды және Уағдаласушы Тараптардың бiрi оның қолданыста болуын тоқтатқысы келетiнi туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа хабарлаған күннен бастап 90 күн өткенге дейiн өз күшiн сақтайды.
Уланбаатор қаласында 1993 жылы 22 қазанда әрқайсысы қазақ және монгол тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi текстiң күшi бiрдей.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн | Монғолияның Үкіметі үшiн |