Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австралия Үкіметі арасындағы
Экономика және сауда ынтымақтастығы туралы
келiсiм
(Алматы қ., 1997 жылы 7 мамырда)
ҚР Үкіметінiң 1997 жылғы 28 шiлдедегi № 1181 Қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасының Үкiмет мен Австралия Үкіметі /бұдан былай «Тараптар» деп аталатын/, екi ел арасындағы өзара тиiмдi сауда және экономика ынтымақтастығын одан әрi дамытуға және ұлғайтуға жәрдемдесу тiлегiн бiлдiре отырып,
халықаралық құқықтар мен мiндеттемелерге өздерiнiң адалдығын растай отырып,
мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Тараптар өз елдерiнiң заңдары мен ережелерiне сәйкес өзара тиiмдi сауданы тұрақты әрi үзiлiссiз ұлғайтуға жету мақсатымен экспорттың дәстүрлi де болуы ықтимал да түрлерiне қатысты өз елдерi арасындағы сауданы нығайту мен жан-жақты дамытуға жәрдемдесетiн қажеттi шаралардың бәрiн қолданады.
1. 1-бапта көрсетiлген мақсаттарға жету үшiн Тараптар:
а) екi елдiң тиiстi кәсiпорындары мен ұйымдары арасындағы коммерциялық келісім-шарттар жөнiнде келiссөздердi;
б) екi елдiң тиiстi кәсiпорындары мен ұйымдары арасындағы өнеркәсiптiк және техникалық ынтымақтастықты дамытуды;
в) екi ел арасында ауыл шаруашылық және агроөнеркәсiп
секторларының өкiлдерiн қоса алғанда, өзара коммерциялық, техникалық
және оқытушы өкiлдерiн, топтар мен делегациялар алмасуды;
г) сауда мен технология саласында екiншi Тараптың кәсiпорындары мен ұйымдары әр елде өткiзетiн сауда жәрмеңкелерiн, сауда көрмелерiн және басқа да шараларды ұйымдастыруды және оларға қатысуды көтермелейдi және жәрдемдесетiн болады.
2. 2-бапта көрсетiлген қызметке жәрдемдесу және оны жеңiлдету мақсатында Тараптар өз коммерциялық қатынастарында интеллектуальдық меншiктi қорғауға тиiсiнше көңiл бөлгенi үшiн заңды және жеке тұлғаларды көтермелеп отырады.
Тараптар тауарлардың импортталуына орай енгiзiлген кедендiк салық салуға, iшкi салықтарға немесе басқа қаржы алымдарына, кедендiк немесе басқа да формальдылықтарға, импорттық және экспорттық лицензияларға байланысты ережелер мен рәсiмдерге және шетелдiк валюта айналысына байланысты басқа да ережелерге қатысты барлық салаларда бiр-бiрiне барынша қолайлы режим жасайды.
3-баптың ережелерi жеңiлдiктердiң тағайындалған жүйесiне байланысты немесе еркiн сауда аймақтарын немесе кедендiк одақты құратын немесе оларды құруға бағытталған кез келген басқа келісімге сәйкес, сондай-ақ шекарадан өту рәсiмiн жеңiлдету жөнiнде басқа елдермен жасалған келісімдерге сәйкес әр Тараппен келісілген жеңiлдiктер мен артықшылықтарға қолданылмайды.
Әр Тарап өз елiнiң қолданылып жүрген заңдары мен ережелерiне сәйкес жәрмеңкелер мен көрмелерге әкелiнген тауарларды, сондай-ақ жарнамалық мақсаттармен бiр елден екiншi елге импортталған тауарлардың үлгiлерiн импорттық баж салықтары мен тауар салықтарынан босатады. Мұндай тауарлар мен үлгiлер осы елдiң құзыреттi өкiмет орындарының алдын ала берген келісімiнсiз әкелiнген және ондайлар болған жағдайда, импорттау жөніндегі тиiстi алымдар төленбесе осы елде иелiк құқығын жоғалтпауға тиiс.
Қазақстан Республикасы мен Австралия арасында сауда барысындағы барлық есеп айырысулар, белгiленген кезеңде екi елде қолданылып жүрген шетелдiк валюта айналымының ережелерiне толық сәйкес өзара қолайлы өтiмдi валютада жүзеге асырылады. Бұл ереже қазақстандық немесе австралиялық заңды және жеке тұлғалар арасындағы есеп айырысулар жөнiнде басқа да уағдаластықтар орнату мүмкiндiгiн өзара келісімге сәйкес жоққа шығармайды.
1. Тараптар тиiстi елдердiң коммерциялық кәсiпорындары арасындағы коммерциялық келісім-шарттардан туындайтын дауларды шешу үшiн, төрелiк сотты қоса алғанда, дауларды шешудiң балама процедураларын қолдануды өз заңдарына сәйкес көтермелеп отырады.
2. Осы Келісімдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген даулар достас консультациялар мен келiссөздер арқылы кiдiрiссiз шешiледi.
Тараптар екi жақты сауда, инвестициялық және коммерциялық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу үшiн тығыз әрi сындарлы диалогты көтермелеуге және өрiстетуге келiстi. Осы мақсатпен Тараптар:
(а) екi ел сауда өкiлдiктерiнiң Үкiметпен және iскер топтармен тиiстi байланыстарын жүзеге асыруды;
(б) екi жақты сауда қатынастарын дамыту мен тереңдетудi талқылау үшiн және екi ел арасындағы ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсiп секторларын қоса алғанда сауда қатынастарын дамыту кезiнде пайда болуы мүмкiн кез келген проблемалардың шешiмiн iздестiру үшiн, бiрлескен комиссияның мәжілістерiн қоса алғанда, үкiметтердiң мерзiмдi кездесулерiн өткiзудi көтермелер және жәрдемдесiп отырады.
Осы Келісім Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi процедуралардың орындалғаны туралы бiр-бiрiн ноталар алмасу арқылы хабардар еткеннен кейiн күшiне енедi. Келісім 5 жыл мерзiмге жасалып отыр және егер Тараптардың бiрi Келісімнiң әрекетiн тоқтатқысы келетiн ниетi туралы 90 күн бұрын екiншi Тарапқа жазбаша мәлiмдемесе, онда ол ары қарай да қолданыста бола бередi.
Осы Келісімге түзетулер енгiзiлуi немесе оның қызметiнiң тоқтатылуы Тараптардың кәсiпорындары арасында бұрын жасалған келісім-шарттарға әсер етпейдi.
Осыны куәландыру үшiн, өз Үкiметтерiнен тиiсiнше өкiлеттiк алған төмендегi қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
1997 жылы 7 мамырда әрқайсысы қазақ және ағылшын тiлдерiнде екi дана болып жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн | Австралия Үкіметі үшiн |