Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы келісім (Алматы қ., 1994 жылғы 26 сәуiрде)

Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы мен
Қытай Халық Республикасы арасындағы
келісім
(Алматы қ., 1994 жылғы 26 сәуiрде)

 

ҚР Президентінің 1995 жылғы 15 маусымдағы № 2331 Жарлығымен бекітілді

1995 ж. 11 қыркүйекте күшіне енді

 

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы желісінің оның келісілген учаскелерінде өтуін дәлдеу және анықтау мақсатында мына төмендегілер жайында уағдаласты:

 

 

1-бап

 

Уағдаласушы Тараптар қазіргі Қазақстан-Қытай шекарасы туралы шарттардың негізінде, халықаралық құқықтың жалпы жұрт қабылдаған нормаларына сәйкес, тең құқықты консультациялар, өзара түсіністік пен өзара икемділік рухында, сондай-ақ шекара мәселелері жөніндегі келіссөздердің барысында қол жеткен уағдаластықтар негізінде Қытай мен Қазақстан арасындағы тарихтан қалған шекара мәселелерін әділ әрі ұтымды шешуге, екі мемлекет арасындағы шекара желісінің өтуін дәлдеуге және анықтауға келісті.

 

 

2-бап

 

Уағдаласушы тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара желісінің мына төмендегідей өтуі жайында келісті:

Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы бірінші шекара нүктесі қазақстан аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 3251 белгісі бар биік) оңтүстік-шығысқы қарай шамамен 6.6 км қашықтықта Оңтүстік Алтай жотасының (қытай картасында - Алтай жотасы) қырқасында жатыр, бұл шекара нүктесі Қытай аумағындағы 3318.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3318 белгісі бар Каладиәр биігі) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 4.4 км, 2993.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2956) солтүстік шығысқа қарай шамамен 9.6 км қашықтықта орналасқан.

Бірінші шекара нүктесінен Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының желісі 3589.0 белгісі бар биік (қытай картасында - 3544 белгісі бар Муцзытаушань тауы), 3118.6 белгісі бар биік (қытай картасында - 3092), 3331.0 белгісі бар (қытай картасында - 3352) арқылы екінші шекара нүктесіне дейін жалпы батыс бағытында Оңтүстік Алтай жотасының (қытай картасында - Алтай жотасы) қырқасында созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған жотаның қырқасында оның Қазақстан аумағындағы 3359.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3324) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.4 км, 3033.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3011) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.2 км және Қытай аумағындағы 3042.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3018 белгісі бар Улә биігі) солтүстікке қарай шамамен 12.1 км қашықтықтағы кезеңінде орналасқан.

Екінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Ақ-қаба өзенінің (қытай картасында - Акэхабахэ өзені) бастауына дейін жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытындағы қолатта созылып жатыр, одан соң осы өзеннің су ағынының ортасындағы немесе оның үшінші шекара нүктесіне дейін жалпы оңтүстік-батыс бағытындағы бас тарамынан ортасындағы ағыстың бойымен төмен қарай жалғасады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1645.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1650) шығысқа қарай шамамен 3.7 км және 1781.8 белгісі бар Шұбар-Тобылғы тауынан (қытай картасында - 1781 белгісі бар Цюбарэртабулэцзяшань тауы) оңтүстікке қарай шамамен 10.0 км және Қытай аумағындағы 1608.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1608) солтүстік-батысқа қарай шамамен 8.5 км қашықтықтағы қара-Қаба өзені (қытай картасында - Калахабэхэ өзені) су ағынының ортасы немесе олардың бас тарамдарының ортасы қиылысқан жерде орналасқан.

Үшінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 14.9 км бойында батыс-оңтүстік-батыс бағытында тік сызық бойымен төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі осы тік сызықтың Білезіктің бір айырық басы өзені (қытай картасында - Болэчжэкэиньбиэрайлакэбашихэ өзені) су ағынының ортасымен немесе Қазақстан аумағындағы 2699.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2709) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 8.2 км және 2311.3 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2311) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 2.2 км және Қытай аумағындағы 1890.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1878) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.4 км қашықтықтағы оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде орналасқан.

Төртінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Білезіктің бір айырық, басы өзенінің (қытай картасында - Болэчжэкэиньбиэрайлакэбашихэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе осы өзеннің су ағына ортасының Көпіртас-су өзені (қытай картасында - Копоэртасыхэ өзені) су ағынының ортасымен қиылысқан жерге немесе олардың бас тарамдарының ортасына дейін жалпы батыс бағытындағы оның бас тарамының ортасымен төмен қарай, одан соң Көпір-тас-су өзенінің (қытай картасында - Копоэртасыхэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен бесінші шекара нүктесіне дейін жалпы оңтүстік-батыс бағытында жалғасады. Бұл шекара нүктесі Көпір-тас-су өзені (қытай картасында - Копоэртасыхэ өзені) су ағынының ортасы мен Білезік өзені су ағыны ортасының немесе олардың бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1865.8 белгісі бар (қытай картасында - 1867) Мохнатай тауынан оңтүстікке қарай шамамен 3.4 км қашықтықтағы және Қытай аумағындағы 1890.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1878) батысқа қарай шамамен 5.8 км және 888.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 888) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 12.6 км қашықтықта орналасқан.

Бесінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 12.4 километрге созылатын батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен алтыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1416.2 белгісі бар биікте (қытай картасында - 1412 белгісі бар Кэсэньашицикэчжэньшань тауы) Қызыл-Ащы-Кезең жотасының қырқасында 1671.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1669) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 8.0 км және 1820.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1821) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.0 км және Қытай аумағындағы 888.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 888) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 9.1 км қашықтықта орналасқан.

Алтыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 10.4 километрге созылатын батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Қазақстан аумағындағы Ақтас өзені (қытай картасында - Акэтасыхэ өзені) су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде 1396.3 белгісі бар Мраморная тауынан (қытай картасында - 1397) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.6 км және 1416.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1412) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.0 км және Қытай аумағындағы 982 белгісі бар Тохтаның биігі тауынан (қытай картасында - 941 белгісі бар биік) шығыс-солтүстік-шығысқа шамамен 6.6 км қашықтықта орналасқан.

Жетінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Ақтас өзенінің (қытай картасында - Акэтасыхэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен қарай жалпы батыс бағытындағы сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Ақтас өзені (қытай картасында - Акэтасыхэ өзені) су ағыны ортасының және оның бас тарамы ортасының Алқабек өзені (қытай картасында - Алакэбекэхэ өзені) су ағыны ортасымен немесе олардың бас тарамдары ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1459.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1461) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 13.4 км және 1396.3 белгісі бар Мраморная тауынан (қытай картасында - 1397) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.4 км және Қытай аумағындағы 982 белгісі бар Тохтаның биігі тауынан (қытай картасында - 941 белгісі бар биік) солтүстікке қарай шамамен 2.3 км қашықтықта орналасқан.

Сегізінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Алқабек өзенінің ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен қарай жалпы оңтүстік-батыс бағытында тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Алқабек өзені (қытай картасында - Алакэбекэхэ өзені) су ағымының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 449.3 белгісі бар биіктен (қытай картасыында - 449) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.0 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 617 белгісі бар биік) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 6.2 км және 462 белгісі бар биіктен солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 25.0 км қашықтықта орналасқан.

Тоғызыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Китайка өзенінің (қытай картасында - Алакэбекэхэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен қарай жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында оныншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Китайка өзені (қытай картасында - Алакэбекэхэ өзені) су ағыны ортасының және Қара Ертіс өзені (қытай картасында - Ээрцисыхэ өзені) су ағыны ортасының немесе осы өзендердің бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 434.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 436) оңтүстікке қарай шамамен 4.0 км, Қытай аумағындағы 462 белгісі бар биіктен батысқа қарай шамамен 20.8 км қашықтықта орналасқан.

Оныншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі әуелі Қара Ертіс өзені (қытай картасында - Ээрцисыхэ өзені) оңтүстік (сол жақтағы) тарамының ағысын бойлап, оның су ағынының ортасымен, одан соң ескі арнаның ортасымен жалпы оңтүстік бағытында он бірінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған ескі арнаның ортасында Қазақстан аумағындағы 446.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 447) солтүстікке қарай шамамен 4.9 км, Қытай аумағындағы 462 белгісі бар биіктен батысқа қарай шамамен 19.8 км және 703 белгісі бар Тастөбе тауынан (қытай картасында - Тасытэпэйшань тауы) солтүстік-батысқа қарай шамамен 29.0 км қашықтықта орналасқан.

Он бірінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Безымянная тауы (қытай картасында - 424 белгісі бар биік) арқылы шамамен 49.4 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен он екінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Қазақстан аумағындағы Қутал өзені (қытай картасында - Куталэхэ өзені) су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде 693.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 693) шығысқа қарай шамамен 1.4 км және Қытай аумағындағы 746 белгісі бар Ақбұғылақ - Төбе тауынан (қытай картасында - Акэдоволакэшань тауы) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 15.0 км қашықтықта орналасқан.

Он екінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі әуелі Қутал өзені (қытай картасында - Куталэхэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен, одан соң Үлкен Ұласты өзенінің (қытай картасында - Улэкуньуластытухэ өзені) ағысын бойлап жоғары қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен он үшінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы Үлкен Ұласты өзенінің (қытай картасында - Улэкуньуластытухэ өзені) батыс және шығыс бастаулары су ағындары ортасының немесе осы өзен бастаулары бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде 2979.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2971) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.1 км және 2594.0 белгісі бар Сарытолағай тауынан (қытай картасында - 2592 белгісі бар Шалэйтологоишань тауы) оңтүстікке қарай шамамен 13.5 км және Қытай аумағындағы 3621 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3602) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.2 км қашықтықта орналасқан.

Он үшінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі әуелі Үлкен Ұласты өзені (қытай картасында - Улэкуньуластытухэ өзені) батыс бастауының ағысын бойлап жоғары қарай оның су ағынының ортасымен немесе бас тарамының ортасымен, одан соң мұздық қолатпен жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында он төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Сауыр жотасының (қытай картасында - Сауэршань тауы) қырқасында Қазақстан аумағындағы 2979.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2971) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 6.7 км және Қытай аумағындағы 3621 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3602) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 5.4 км және 3823 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3835) батысқа қарай шамамен 2.5 км қашықтықта орналасқан.

Он төртінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Сауыр жотасының (қытай картасында - Сауэршань тауы) қырқасын бойлап 3728.8 белгісі бар биік (қытай картасында - 3735) арқылы жалпы батыс бағытында он бесінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі аты жоқ биіктегі (қытай картасында - 3087 белгісі бар биік) жоғарыда аталған жотаның қырқасында Қазақстан аумағындағы 2982.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2992) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 4.2 км және 3255.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3260) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.2 км және Қытай аумағындағы 2942 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2993) солтүстік-батысқа қарай шамамен 2.6 км қашықтықта орналасқан.

Он бесінші шекара нүктесі Тарбағатай жотасының (қытай картасында - Таэрбахатайшань тауы) қырқасында аты жоқ биікте Қазақстан аумағындағы 1392.6 белгісі бар Құртөбе шоқысынан (қытай картасында - 1392) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 5.2 км және 2716.6 белгісі бар Шақпақтас тауынан (қытай картасында - 2728 белгісі бар Сэбатасышань тауы) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 21.3 км және Қытай аумағындағы 2261 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2243) солтүстікке қарай шамамен 15.3 км қашықтықта орналасқан.

Он алтыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тарбағатай жотасының (қытай картасында - таэрбахайшань тауы) қырқасында жалпы батыс бағытында 1744.9 белгісі бар биік (қытай картасында - 1744), Боқайасу (қытай картасында - Букайасудабань асуы), Құзғынтас асуы (қытай картасында - Куцзыгунтасыдабань асуы), 2427.5 белгісі бар биік (қытай картасында - 2430), Хабарасу асуы арқылы он жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі 2431.4 белгісі бар Сары-Чеку тауындағы (қытай картасында - 2430 белгісі бар биік) жоғарыда аталған жотаның қырқасында Қазақстан аумағындағы 2190.7 белгісі бар Сарыапай тауынан (қытай картасында - 2203 белгісі бар Саланаишань тауы) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 10.0 км және Қытай аумағындағы 2287 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2280) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 5.7 км, 2385 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2351 белгісі бар биік) солтүстік-батысқа қарай шамамен 4.1 км қашықтықта орналасқан.

Он жетінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Ластай жотасы тауының (қытай картасында - аты жоқ тау) қырқасында жалпы оңтүстік бағытында он сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі 1885.6 белгісі бар биікте (қытай картасында - 1912) жоғарыда аталған таудың қырқасында Қазақстан аумағындағы 1434.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1426) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.7 км және 2198.0 белгісі бар Жуантөбе тауынан (қытай картасында - 2196 белгісі бар Чжуваньтобешань тауы) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11.2 км Қытай аумағындағы 2385 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2351) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 9.2 км қашықтықта орналасқан.

Он сегізінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Бурханбұлақ өзеніне (қытай картасында - Буэрханьбулакэхэ өзені) дейін созылып жатыр, одан соң осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы оңтүстік-оңтустік-батыс бағытында ағысты бойлап төмен қарай он тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы Бурхан бұлақ өзені (қытай картасында - Буэрханьбулакэхэ өзені) су ағыны ортасының және Каракитат өзені (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) су ағыны ортасының немесе осы өзендердің бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1191.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1177) шығысқа қарай шамамен 1.9 км және 1434.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1426) оңтүстікке қарай шамамен 8.2 км және Қытай аумағындағы 1162 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 1.6 км қашықтықта орналасқан.

Он тоғызыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Каракитат өзенінің (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені)ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен қарай жалпы оңтүстік бағытында жиырмасыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Каракитат өзені су ағынының ортасында (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 929.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 931) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 15.8 км және 857.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 862) шығысқа қарай шамамен 5.4 км және Қытай аумағындағы 884 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.1 км қашықтықта орналасқан.

Жиырмасыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 14.1 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма бірінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Ақшоқы өзенінің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1273.8 белгісі бар Боқты тауынан (қытай картасында - 1271 белгісі бар Бакэтушань тауы) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.5 км және 900.9 белгісі бар Жаманши тауынан (қытай картасында - 923 белгісі бар Цзяманьцишань тауы) шамамен 3.5 км және Қытай аумағындағы 884 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 13.0 км қашықтықта орналасқан.

Жиырма бірінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 3.1 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма екінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1273.8 белгісі бар Боқты тауынан (қытай картасында - 1271 белгісі бар Бакэтушань тауы) шығысқа қарай шамамен 7.4 км және Қытай аумағындағы 884 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 15.5 км және 7846 шаршыдағы Каракитат өзені арқылы (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) өтетін автомобиль жолы көпірінен солтүстік-батысқа қарай шамамен 8.4 км қашықтықта орналасқан.

Жиырма екінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 3.8 километрге созылатын оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма үшінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың тартылып бара жатқан, аты жоқ өзен арнасының ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 640.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 640) шығысқа қарай шамамен 7.0 км және 1273.8 белгісі бар Боқты тауынан (қытай картасында - 1271 белгісі бар Бакэтушань тауы) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.6 км және Қытай аумағындағы 7846 шаршысында Каракитат өзені арқылы (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) өтетін автомобиль жолы көпірінен батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 8.9 км қашықтықта орналасқан.

Жиырма үшінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 11.2 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Қазақстан поселкісі Бақты мен Қытай қаласы Тачэнді қосатын тас жолдың орта желісімен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 590.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 597) шығысқа қарай шамамен 12.4 км және 640.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 640) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11.9 км және Қытай аумағындағы 7846 шаршыдағы Каракитат өзені (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) арқылы өтетін автомобиль жолы көпірінен батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 12.6 км қашықтықта орналасқан.

Жиырма төртінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 8.9 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма бесінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 421.3 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 426) шығысқа қарай шамамен 7.3 км, 590.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 597) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 15.5 км және Қытай аумағындағы 448 белгісі бар Ташабкан тауынан (қытай картасында - 463 белгісі бар Тасыкакэ биігі) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.5 км қашықтықта орналасқан.

Жиырма бесінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 12.5 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма алтыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Емел өзені (қытай картасында - Эминьхэ өзені) су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 485.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 487) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 13.0 км және 405.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 405) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 0.8 км және Қытай аумағындағы 448 белгісі бар ташабкан тауынан (қытай картасында - 463 белгісі бар Тасыкакэ биігі) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.4 км қашықтықта орналасқан.

Жиырма алтыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 23.8 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың тартылып бара жатқан аты жоқ өзен арнасының (қытай картасында құрғақ арна) ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 795.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 795) солтүстік-шығысқа қарай 4.1 км және 485.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 487) оңтүстікке қарай шамамен 11.6 км және Қытай аумағындағы 931.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 929) солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.5 км қашықтықта орналасқан.

Жиырма жетінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 17.1 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Шаған-Тоғай өзенінің (қытай картасында - Чаханьтохайхэ өзені) су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 893.3 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 891) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 6.2 км және 843.3 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 822) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.0 км, Қытай аумағындағы 931.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 929) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 12.6 км қашықтықта орналасқан.

Жиырма сегізінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 20.3 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың дала жолының (қытай картасында - соқпақ) ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 806.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 778) шығысқа қарай шамамен 6.0 км және 852.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 832) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.9 километрге және Қытай аумағындағы 1197.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1204 белгісі бар Пусяньдэнэнбасы биігі) солтүстікке қарай шамамен 12.9 км қашықтықта орналасқан.

Жиырма тоғызыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 2.4 километрге созылатын батыс-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен отызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Бурган арығының ортасымен (қытай картасында - аты жоқ қолаттың суағарымен) қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 806.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 778) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.2 км және Қытай аумағындағы 1197.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1204 белгісі бар Пусяньдэнэнбасы биігі) солтүстікке қарай шамамен 11.7 км және 855.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 855)солтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.8 км қашықтықта орналасқан.

Отызыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Бурган арағының ортасымен (қытай картасында - аты жоқ қолаттың суағары) жалпы батыс бағытында отыз бірінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Бурган арығының ортасында (қытай картасында - аты жоқ қолат суағарының Ханьцяоэрлу жолының ортасымен қиылысқан жерінде) Қазақстан аумағындағы 806.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 778) оңтүстікке қарай шамамен 2.4 км және Қытай аумағындағы 855.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 855) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 2.9 км қашықтықта орналасқан.