«Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 254 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 446 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7796 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 1 тамызда № 245-246 (27064-27065) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидаларында:
4-тарауды 7 тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«7) біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - БК) - емтихан тапсырушылардың білімдері, шеберліктері мен дағдыларының деңгейін, олардың оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін анықтайды.»;
5, 6, 7 және 8 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: