«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 Қаулысы (2017.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 Қаулысы

(2017.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - жоспар) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 969 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:

1) жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 969 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 969 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 273 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 413 Қаулысымен (бұр.ред.қара) іс-шаралар жоспары өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 шілдедегі

№ 750 қаулысымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.