Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы
(2023.15.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2023.02.10. № 364 Жарлығымен преамбула жаңа редакцияда (2023 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықты терроризм актісі қатерінің туындауы туралы уақтылы хабардар ету және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.