«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 294 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 294 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есепті айдан кейінгі айдың 17-сі күнінен кешіктірмей, республикалық бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдауды функциясына бюджеттің атқарылуын жиынтық талдауды жүргізу кіретін құрылымдық бөлімшеге осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге түсетін түсімдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдау осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін жергілікті бюджет кіріс бөлігінің артығымен атқарылу немесе атқарылмау себептерін талдауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін республикалық бюджет жоспарының асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.