Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 239 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 434 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 332 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 140-10 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы азаматтарының ұрпақты болу денсаулығын нығайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Диагностика және емдеу хаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 239 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диагностика және емдеу хаттамаларының тізбесінің тақырыбы (саны - 1764) мынадай редакцияда жазылсын:
«Диагностика және емдеу хаттамаларының тізбесі» (саны - 1784);
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диагностика және емдеу хаттамаларының тізбесі (саны - 1764) мынадай мазмұндағы 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60-тармақтармен толықтырылсын: