«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығы (2014.02.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы

(2014.02.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттыру, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

ҚР Президентінің 2014.02.04. № 776 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын, бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізіп, олардың барысында елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етсін.

2. ҚР Президентінің 2014.02.04. № 776 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері халыққа есеп беру кездесулері өткізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей төмен тұрған әкімдер кездесулерінің есепті жылдағы қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін және Үкіметін оның нәтижелері туралы хабардар етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.