Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті:
осы бұйрықты облыс, Астана және Алматы қалаларының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының назарына жеткізсін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Г. А. Ділімбетоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Сапарбаев |
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
№ 29-ө бұйрығымен
Бекітілген
Учаскелік комиссиялар туралы
үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық (облыстық, аудандық маңызы бар қалалық) атқарушы орган;