«Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының форматын қамтитын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 146 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын,мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелерінің 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының форматын қамтитын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 101 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының форматын қамтитын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»;