«Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 147 бұйрығы (күші жойылды)

«Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 147 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелерінің 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 100 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»;

1-тармақтағы «нұсқаулықтар», «нұсқаулық» деген сөздер «ұсынымдар», «ұсыным» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу кезінде осы Әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу ұсынылсын.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.