«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қаржылық лизинг шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін лизинг төлемдерін есептеу, төлеу және өтеу қағидасын бекіту және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «ҚазМедТех» акционерлік қоғамының медициналық техниканың лизинг мәселесі бойынша өзара іс-қимыл регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 478 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 439 бұйрығы (күші жойылды)

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қаржылық лизинг шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін лизинг төлемдерін есептеу, төлеу және өтеу қағидасын бекіту және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «ҚазМедТех» акционерлік қоғамының медициналық техниканың лизинг мәселесі бойынша өзара іс-қимыл регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 478 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 439 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 294 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің» 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қаржылық лизинг шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін лизинг төлемдерін есептеу, төлеу және өтеу қағидасы бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «КазМедТех» акционерлік қоғамының медициналық техниканың лизинг мәселесі бойынша өзара іс-қимыл регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 478 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.