Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы
(2025.26.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.06.06. № 226 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.11.08. № 284 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.29.04. № 153 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.10.10. № 317 бұйрығымен (2025 ж. 26 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.06.06. № 226 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.11.08. № 284 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары бекітілсін.
2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә.Сарбасов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ.Егембердіге жүктелсін.