Қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-ө-м бұйрығына 2-қосымша) (2024.15.06. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2013 жылғы 22 шілдедегі

№ 331-ө-м бұйрығына

2-қосымша

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.16.03. № 78 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.30.05. № 170 бұйрығымен (2024 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда

 

 

Қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету

қағидалары
(2024.15.06. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері - қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;

2) бейнеконференц-байланыс - өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио- және бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі беріліп, интерактивтік өзара іс-қимыл жасауы үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланылатын көрсетілетін байланыс қызметі;

3) еңбек мобильділігі орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

4) қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.