«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 -2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 807 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының даму үрдісін талдау» деген 2-бөлімде:
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Негізгі проблемаларды талдау» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар төгінділері
үшін жинақтауыш тоғандар құру өзінің қабілетсіздігін көрсетті. Оған Сорбұлақ (Алматы) және Талдыкөл (Астана) сарқынды суларының жинақтауыштары мысал бола алады. Ең жоғары көлемі шамамен 1 млрд. м3 Сорбұлақ сарқынды сулар жинақтауышы көлі (посткеңестік кеңістіктегі ең үлкен сарқынды суларды жинақтаушы көл) уытты заттар құрамының тұрақты артуынан, оның толып кету және апаттық бұзылу мүмкіндігінен өңір экологиясы мен халқының қауіпсіздігіне күрделі қауіп болып табылады.