Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 357 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық базасын тәртіпке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Б. Жұмағұлов |
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 357 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
күшін жоюға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 25 тамыздағы № 461 бұйрығы;
2) «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 266 бұйрығы;