«Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығы (2020.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығы

(2020.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.27.02. № 88 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысанына сәйкес:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) қызметінің үлгілік қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, «Білім-инновация» лицей-интернатының) қызметінің үлгілік қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

3) осы бұйрықтың білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.