«Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 272 бұйрығы (күші жойылды)

«Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 272 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығымен күші жойылды

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 20.04.2010 ж., № 144-146 жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесіне:

2-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

2-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;

2-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеңімпаз - сауда-саттықтағы затқа ең жоғары баға ұсынған және өткізілген сауда-саттық туралы хаттамаға қол қойған аукционның қатысушысы;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Борышкерді және өндіріп алушыны жүргізілген бағалау туралы тиісінше хабардар етпей немесе таныстырмай және оларға бағалау нәтижесін даулауға он күнтізбелік күн мерзім бермей, тыйым салынған мүлік сауда-саттыққа қойылмайды. Көрсетілген мерзімді есептеу жүргізілген бағалау бойынша борышкерді және өндіріп алушыны таныстырған немесе хабардар еткен күннен есептеледі. Борышкердің іздеуде болған кезі оның мүлкін өткізуді жүзеге асыруға кедергі болмайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.