Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 12/172 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2184 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 218-219-220 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға, мынадай көлемдерде бекітілсін:
«1) кірістер - 95 786 234 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 51 119 421 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 507 115 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 644 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 42 144 054 мың теңге;
2) шығындар - 92 689 991 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 6 069 487 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 892 765 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 823 278 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 150 298 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 150 298 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 123 541 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 123 541 мың теңге.».
1) тармақшада:
«Бейнеу ауданына» «97,2» саны «100» санымен ауыстырылсын;
«Қарақия ауданына» «26,5» саны «100» санымен ауыстырылсын;
«Маңғыстау ауданына» «22,5» саны «55,4» санымен ауыстырылсын;
«Түпқараған ауданына» «29,5» саны «100» санымен ауыстырылсын;
«Мұнайлы ауданына» «96,5» саны «100» санымен ауыстырылсын;
«Ақтау қаласына» «12,9» саны «15» санымен ауыстырылсын;