«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамының жарғысы «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен бекітілген (2012 жылғы 26 шілдедегі № 1 хаттама) (2013.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі»

АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы

жиналысының шешімімен бекітілген

(2012 жылғы 26 шілдедегі № 1 хаттама)

 

 

«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі»

 акционерлік қоғамының
ЖАРҒЫСЫ

(2013.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғам туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарғысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы Ережесіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 28 қазандағы «Бағалы кағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамының құрылуын мақұлдау туралы» № 171 қаулысының негізіне сәйкес құрылған.

2. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша заңды тұлға болып табылады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Акционерлік қоғам туралы», (бұдан әрі - АҚ туралы Заңы), «Бағалы қағаздар нарығы туралы», (бұдан әрі - Нарық туралы Заңы), «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, сондай-ақ олардың құзыретінің шегінде белгіленген тәртіпте қабылданған Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, осы Жарғыға, Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

3. Осы Жарғымен, органдардың шешімімен және Қоғамның лауазымды тұлғаларымен реттелмеген мәселелер олардың құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте қабылданған Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.