Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға
қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
конвенция
(Бухарест қ., 1998 жылғы 21 қыркүйекте)
ҚР 1999 жылғы 24 маусымдағы № 401-I Заңымен ратификацияланды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі екі Мемлекет арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени байланыстарды нығайту мен дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып және Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны жасасуға ниет білдіре отырып,
мыналар туралы уағдаласты:
1-бап
Конвенция қолданылатын тұлғалар
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар
1. Осы Конвенция оларды алу әдiстерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерi немесе жергiлiктi өкiмет органдары алатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға қолданылады.
2. Жылжитын және жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан, немесе табыстың немесе капиталдың жеке элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi, сондай-ақ капитал өсiмiнен алынатын салықтар табыс пен капиталға салынатын салықтар деп есептеледi.
3. Осы Конвенция қолданылатын қазiр алынып жүрген салықтар мыналар болып табылады, атап айтқанда:
а) Қазақстан Республикасында:
(i) заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
(іі) мүлiкке салынатын салық;
(бұдан әрi - «Қазақстан салығы» деп аталады);
b) Румынияда:
(i) жеке тұлғалар алатын табысқа салынатын салық;
(ii) түскен пайдаға салынатын салық;
(ііi) жалақыға және басқа осындай сыйақыларға салынатын салық;
(iv) ауыл шаруашылық қызметiнен түсетiн табыстарға салынатын салық;
(v) дивидендтерге салынатын салық;
(vi) ғимараттарға және ғимараттар мен құрылыстар салынған жерге салынатын салық;
(бұдан әрi - «Румыния салығы» деп аталады).
4. Конвенция сондай-ақ осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн қолданылып жүрген салықтарға немесе солардың орнына қосымша алынатын оларға бара-бар немесе iс жүзiнде оларға ұқсас кез келген салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары өздерiнiң тиiстi салық заңдарына енгiзiлетiн кез келген елеулi өзгерістер жайында бiр-бiрiне мәлiмдеп отырады.
1. Егер контекстен өзге туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
а) «Уағдаласушы Мемлекеттер» және «екiншi Уағдаласушы Мемлекет» терминдерi контекс талабына қарай, Қазақстанды немесе Румынияны бiлдiредi;
b) терминдер:
(i) «Қазақстан» терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi. Жағырапиялық мағынада қолданғанда «Қазақстан» терминi халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан белгiлi бiр мақсаттар үшiн егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын және Қазақстан салықтарын реттейтiн заңдар қолданылатын аумақтық суларды, сондай-ақ айрықша экономикалық аймақ пен құрлықтық шельфтi қамтиды; және
(ii) «Румыния» терминi Румынияны бiлдiредi және, жағырапиялық мағынада қолданғанда, Румыния өзiнiң iшкi мемлекеттік заңдары мен теңiз суларындағы, теңiз түбiндегi және осы сулардың топырақ асты қабатындағы табиғи, биологиялық және минералдық ресурстарды барлауға және пайдалануға қатысты халықаралық құқықтарға сәйкес, егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аумақтық теңiзiн, сондай-ақ айрықша экономикалық аймағын қоса алғанда, Румынияның аумағын бiлдiредi;
с) «тұлға» терминi жеке тұлғаны, компанияны немесе тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн қамтиды;
d) «компания» терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтiк құрылым ретiнде қарастырылатын кез келген корпоративтiк құрылымды немесе кез келген экономикалық бiрлiктi бiлдiредi;
е) «Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны» және «екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны» терминдерi тиiсiнше бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
f) «халықаралық тасымал» терминi теңiз, әуе кемесi немесе темір жол көлiгi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң пункттерi арасында ғана пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны пайдаланатын теңiз, әуе көлiгiмен немесе темір жол көлiгiмен жүзеге асырылатын кез келген тасымалды бiлдiредi;
g) құзыреттi орган» терминi мыналарды бiлдiредi:
(i) Қазақстанда: Қаржы министрлігін немесе оның өкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
(ii) Румынияда: Қаржы министрлігін немесе оның өкiлеттi өкiлiн;
h) «ұлттық тұлға» терминi мыналарды бiлдiредi:
(i) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген тұлғаны;
(ii) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданыстағы заңдары негiзiнде өз мәртебесiн алған кез келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе кез келген басқа ассоциацияны;
2. Уағдаласушы Мемлекет Конвенцияны қолданған кезде онда айқындалмаған кез келген термин, егер контекстен басқаша туындамаса, осы Конвенция қолданылатын салықтар жөнiнде осы Мемлекеттiң заңдары бойынша ол қандай мағынада пайдаланылса, сондай мағынаға ие болады.
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн «Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi» терминi, осы мемлекеттiң заңдары бойынша өзiнiң тұрғылықты жерi, резиденттiгi, басқару орны, құрылу орны, тiркелу орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшем негiзiнде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны бiлдiредi.
Алайда бұл термин тек осы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа немесе онда орналасқан капиталға байланысты ғана осы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
2. Жеке тұлға 1-тармақтың ережелерi негiзiнде сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылған жағдайларда, оның мәртебесi былайша айқындалады:
а) ол өзiнің меншiгiне жататын тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер оның Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол барынша тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Мемлекеттердiң ешқайсысында да өзiнің иелiгiндегi тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
с) егер ол әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың ешқайсысында да тұрмаса, ол өзi азаматы болып саналатын Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
d) егер ол Мемлекеттердiң екеуiнiң де азаматы болса немесе ешқайсысының да азаматы болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мәселенi өзара келiсу бойынша шешедi.
3. Егер жеке тұлғадан өзге тұлға 1-тармақтың ережелерi себебiнен Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, құзыреттi органдар мәселенi өзара келiсу бойынша шешедi. Егер құзыреттi органдар мұндай келісімге келе алмаса, мұндай тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысының да резидентi деп саналмайды және осы Конвенцияның артықшылықтарын пайдалана алмайды.
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн «тұрақты мекеме» терминi ол арқылы кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
2. «Тұрақты мекеме» терминi, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:
а) басқару орнын;
b) бөлiмшенi;
с) офистi;
d) фабриканы;
е) шеберхананы;
f) ферманы немесе кез келген егiс алқабын; және
g) шахтаны, мұнай немесе газ скважинасын, кенiштi немесе табиғи ресурстар өндiретiн басқа да кез келген кен орнын.
3. «тұрақты мекеме» терминi сондай-ақ мыналарды қамтиды:
а) құрылыс алаңын немесе құрылыс салу, монтаждау немесе құрастыру объектiсiн немесе осы жұмыстардың орындалуын қадағалауға байланысты қызметтердi, тек егер мұндай алаң немесе объект 12 айдан астам уақыт iстеп келсе немесе мұндай қызмет 12 айдан астам уақыт көрсетiлiп келсе ғана;
b) монтаждау немесе бұрғылау қондырғыларын немесе кемелердi пайдалануды, немесе Уағдаласушы Мемлекетте немесе табиғи ресурстарды барлау және пайдалану үшiн осы жұмыстардың орындалуын бақылaуға байланысты қызметтердi, тек егер мұндай пайдалану 12 айдан астам уақыт созылса, немесе осындай қызмет 12 айдан астам уақыт көрсетiлсе ғана;
с) осы мақсаттар үшiн кәсiпорын жалдап алған қызметшiлер немесе басқа персонал арқылы кәсiпорын көрсеткен консультативтiк қызметтердi қоса алғанда, көрсетiлген қызметтердi, тек егер мұндай сипаттағы қызмет (осындай немесе соған байланысты жоба үшiн) жалпы алғанда 12 айдан асатын кезеңде немесе кезеңдерде жалғасса ғана.
4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне тәуелсiз, «тұрақты мекеме» терминi мыналарды қамтитын болып қарастырылмайды:
а) табыс алмай-ақ, құрылыстарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды тек сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
b) табыс алмай-ақ, кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек өзге кәсiпорынның ұқсату мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
d) уақытша жәрмеңкеге немесе көрмеге қойылған кәсiпорынға тиесiлi тауарлар мен бұйымдарды аталған жәрмеңке немесе көрме жабылғаннан кейiн сату;
е) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
f) тұрақты қызмет орнын тек кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды;
g) а)-дан f)-ке дейiнгi тармақшаларда аталған қызмет түрлерiн кез келген қиыстыруды жүзеге асыру үшiн ғана тұрақты iс-әрекет орнын ұстауды, тек мұндай қиыстыру нәтижесiнде пайда болған тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметi дайындық немесе қосалқы сипатта болған жағдайда ғана.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер 7-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорын атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорын атынан келісім-шарттар жасауға өкiлеттiгi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, онда бұл кәсiпорын осы тұлға кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын кез келген қызмет жөнiнде осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады, алайда осындай тұлғаның 4-тармақта көрсетiлген, тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылған күннiң өзiнде осы тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын қызметпен шектелетiн жағдай бұған қосылмайды.
6. Осы баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң сақтандыру кәсiпорны, қайта сақтандыруды қоспағанда, егер ол осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағында сақтандыру жиындарын жинайтын немесе ол 7-тармақтың ережелерi қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға арқылы онда орналасқан тәуекелдi нәрселердi сақтандыратын болса, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
7. Кәсiпорын кәсiпкерлiк қызметiн Мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, егер осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаса, осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды.
8. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы екiншi Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы (не тұрақты мекеме арқылы не басқадай жолмен айналысуы) фактiсiнiң өзi осы компаниялардың бiрiн екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.
6-бап
Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табысқа (ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан табысты қоса алғанда) осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. «Жылжымайтын мүлiк» терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңы бойынша қандай мағынада қолданылса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер иелiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктың және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа табиғи қазбаларды игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды және жоғарыда аталғандарды игеру құқығын қамтиды; теңiз, әуе кемелерi, жердегi және темір жол көлiгi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа жолмен пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi, сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.
7-бап
Кәсіпкерлiк қызметтен алынатын пайда
1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналыспаса немесе айналыспаған болса, мұндай кәсiпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғанындай, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын немесе айналысқан болса, онда оның пайдасына екiншi Мемлекетте салық салынуы, бiрақ мыналарға:
а) осындай тұрақты мекемеге;
b) тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарлармен немесе бұйымдармен бiрдей немесе ұқсас тауарларды немесе бұйымдарды осы екiншi Мемлекетте сатуға; немесе
с) өзiнiң сипаты жөнiнен осындай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметпен сәйкес келетiн немесе ұқсас осы екiншi Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсiпкерлiк қызметке қатысты бөлiгiнде ғана салынуы мүмкiн.
2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын немесе айналысқан болса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысып, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде төмендегi шығындар тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе одан тысқары жерде жұмсалған-жұмсалмағанына қарамастан, басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын қоса алғанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды шегерiп тастауға болады.
Тұрақты мекеменiң бас офисiне немесе резиденттiң басқа офистерiнің кез келгенiне патенттер және басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, алымдар немесе басқа да ұқсас төлемдер төлеу арқылы немесе нақты қызметтер көрсеткенi үшiн немесе менеджмент үшiн комиссиялық ақы төлеу арқылы немесе тұрақты мекемеге несиеге берiлген сомаға проценттер төлеу арқылы төленген сомаларды тұрақты мекемеге шегерiп тастауға болмайды.
4. Егер әдетте Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы кәсiпорынның әртүрлi бөлiмшелерiне оның пайдасының жалпы сомасын сайма-сай бөлу негiзiнде айқындалу қабылданса, 2-тармақтағы ештеңе де осы Уағдаласушы Мемлекетке әдетте қабылданғанындай, осылай бөлу арқылы айқындауға тыйым салмайды; алайда сайма-сай бөлудiң таңдап алынған әдiсi осы бапта айтылған принциптерге сәйкес келетiн нәтижелер беруге тиiс.
5. Тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тек қана тауарлар немесе бұйымдар сатып алуы нәтижесiнде ғана осы тұрақты мекемеге әлдеқандай пайда есептелмейдi.
6. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке айтылатын мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табыс немесе табыстар түрлерiн қамтитын болса, онда ол баптардың ережелерi осы баптың ережелерiне қатысты болмайды.
7. Алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге тиесiлi пайда, егер осындай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса, жылма-жыл бiркелкi тәсiлмен айқындалады.
1. Теңiз, әуе кемелерiн немесе темір жол көлiгiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға, кәсiпорынды тиiмдi басқару орталығы орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. Егер теңiз кәсiпорнын тиiмдi басқару орталығы кеменiң бортында орналасса, онда ол кеме тiркелген порт орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте, немесе, егер мұндай порт болмаса, кеменi пайдаланатын адам резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан деп есептеледi.
3. 1-тармақтың ережелерi, сондай-ақ пулға, бiрлескен кәсiпорынға немесе халықаралық пайдалану агенттiгiне қатысудан алынатын пайдаға қолданылады;
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген пайда теңiз, әуе кемелерiн және темір жол көлiгiн халықаралық пайдаланудан қызметi өзгеше қонақ үйдi пайдаланудан алынатын табысты қамтымайды.
9-бап
Ассоцияланған кәсiпорындар
а) Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
b) белгілi бiр тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса;
және әрбiр жағдайда кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда солардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылып, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
2. Егер Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны осы Мемлекетте салық салынатын пайданы осы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасында жасалған жағдайлар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағы жағдайлардай болса, онда осы екiншi Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзетулер жасай алады. Осындай түзетулердi айқындау кезiнде осы Конвенцияның басқа ережелерi қаралуға тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiне консультация бередi.
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда осындай дивидендтерге дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы дивидендтердiң нақты иесi болса, онда осындай алынатын салық дивидендтердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайды.
Бұл тармақ дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты компанияға салық салуды қозғамайды.
3. «Дивидендтер» терминi осы бапта пайдаланылғанда акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ дивидендтердi бөлетiн компанияның резидентi болып табылатын Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс секiлдi дәл сондай салық реттеуiне жататын компанияға қатысудың басқа да корпоративтiк құқықтарынан алынатын табысты бiлдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң нақты иесi дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып отырған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, онда 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет, мұндай дивидендтер осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтерге қандай да болсын салық сала алмайды.
6. Осы Конвенцияның ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұрақты мекемесi бар компанияға табыс салығына қосымша осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. Осы ереженiң мақсаттары үшiн табысқа қосымша салық әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң iшкi заңдарына сәйкес белгiленедi.
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай проценттерге сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы проценттердiң нақты иесi болса, онда осылай алынған салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған проценттер, егер оларды екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкіметі, немесе оның әкiмшілiк-аумақтық бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы, немесе осы Yкiметтiң, оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесiнiң немесе жергiлiктi өкiмет органының кез келген агенттiгi немесе банк бөлiмшесi немесе мекемесi алса және олар iс жүзiнде тиесiлi болса, немесе, екiншi Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң борыштық талаптары кепiлдiкпен сақтандырылған немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкіметіне толықтай қарасты қаржылық мекемеден тiкелей қаржыландырылған болса, осы Мемлекетте салық салудан босатылады.
4. «Проценттер» терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн қандай да болсын борыш талаптарынан алынатын табысты, үкiметтiң бағалы қағаздарынан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты, соның iшiнде осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйақылар мен ұтыстарды бiлдiредi. Төлемдердiң уақытында жасалмағаны үшiн салынатын айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшiн проценттер ретiнде қарастырылмайды.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын проценттердiң нақты иесi проценттер пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және проценттер төлеуге негiз болып отырған борыш талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 15-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
6. Егер төлеушi Мемлекеттiң өзi, оның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесi, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттің резидентi болып табылса, проценттер осы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда, егер проценттер төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте проценттер төленетiн қарыз пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттердi осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
7. Егер проценттер төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуы себептi төленетiн проценттердiң төлеушi мен олардың нақты иесi арасында келісіле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы тиiс.
8. Егер өзiне қатысты проценттер төленетiн кез келген борыш талаптарының жасалуына немесе жүктелуiне байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi құқықтарды осылай жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.