«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық Маслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 16-3 шешімі

«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық Маслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 16-3 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес облыстық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық Мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1859 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 желтоқсанда № 166 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта:

1) тармақшада:

«148 781 776» сандары «150 568 605» сандарымен ауыстырылсын;

«14 251 625» сандары «15 058 312» сандарымен ауыстырылсын;

«639 734» сандары «1 618 068» сандарымен ауыстырылсын;

«6 000» сандары «7 808» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшада:

«149 698 761» сандары «151 473 382» сандарымен ауыстырылсын;

4) тармақшада:

«197 007» сандары «209 215» сандарымен ауыстырылсын;

«197 007» сандары «209 215» сандарымен ауыстырылсын;

Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды облыстық Мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады, шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарында туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Облыстық Мәслихаттың

сессия төрайымы

Г. Тлеубердиева

Облыстық Мәслихаттың

хатшысы

Б. Қарашолақов

 

Жамбыл облысы Мәслихатының

2013 жылғы 23 тамыздағы

№ 16-3 шешіміне қосымша

 

Жамбыл облысы Мәслихатының

2012 жылғы 7 желтоқсандағы

№ 10-3 шешіміне 1 - қосымша

 

 

2013 жылға арналған облыстық бюджет

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.