«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 Қаулысы (күші жойылды)

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 614 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 19-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны мен оны жасау қағидалары (140.00-нысан);

2) көрсетілген қаулымен бекітілген корпоративтік табыс салығы бойынша (100.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге (бұдан әрі - КТС) арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны:

мемлекеттік мекемелерді;

Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдарды;

Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды;

Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін дербес білім беру ұйымдарын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.