(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН (ДЕКЛ...

Осы редакция 2013 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
қағидалары
(240.00-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығын есептеуге арналған жеке табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 67-бабы 6-тармағына сәйкес жеке тұлғалар, сондай-ақ Салық кодексінің 185-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетел банктеріндегі шоттарында ақшалары бар жеке тұлғалар толтырады.

2. Декларация Салық кодексінің 67-бабына, 6-бөлімі 18, 20, 21-тарауларына, 204, 205-баптарына сәйкес жасалады. Декларация декларацияның өзінен (240.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (240.01-ден 240.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны жасау кезінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.