банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 Қаулысымен 53-3 тармақ өзгертілді (бұр .ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-3-тармақ өзгертілді
53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k9 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздары банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
53-4. k8 және k9 коэфиценттерін банктер 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтауға тиіс.
2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша k8 және k9 коэфиценттерінің нақты мәндері Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен асып түскен жағдайда, ол банктерге мынадай тәртіп белгіленеді:
1) 2008 жылғы 1 қаңтарға көлемі мынадай мәндерден барынша жоғарыдан аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде көлемі барынша жоғары мәнінен мынадай мәндер бойынша аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
3) 2008 жылдың 1 сәуіріне өлшем осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
Осы тармақпен белгіленген k8 және k9 коэффиценттерін банктер сақтаған жағдайда бұл асып түсу 2008 жылдың 31 наурызына дейін пруденциалдық нормативтерді бұзу деп танылмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-5-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 53-5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-5. к8 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 2 аспауы тиіс.
к9 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 3 аспауы тиіс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-2-тараумен толықтырылды
6-2. Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 53-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады. Коэффициент үтірден кейін үш таңбамен беріледі.
53-7. Банктің ішкі активтері Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (ақша, орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерден және тазартылған бағалы металдардан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (аумағындағы) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасы резиденттерінің алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасы резиденттерінің алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдығын білдіреді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен 53-8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-8. Ішкі активтердің, банктің ішкі міндеттемелерінің, реттелмеген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйлықақыларды, тиісті есепті айдағы жұмыс күнінің санына оң (теріс) түзетулерді есептегендегі жалпы сомасының қатынасы ретінде есептеледі.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі активтердің орташа айлық шамалары сонымен қатар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді ескере отырып есептеледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қорытынды ережелер
54. Банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
55. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап бередi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2006.27.05. № 120 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2007.23.02. № 47 Қаулыcымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 (бұр .ред. қара ); 2007.24.10. № 242 (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.26.02. № 20 (қолданысқа енетін мерзімін қара)(бұр.ред.қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара) ; 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасы
43 және 44 жолдары 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша
сараланған банк активтерiнiң кестесi