ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен түсiндiрме жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Банктің салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленуге жататын активтер есебіне
түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банктің түзетілген құны көрсетілген активтер көлемінің 50 пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (Салымдық тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын айқындауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйелері болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер есебіне енгізілуі мүмкін қарыздар.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Салымдық тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдар, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары сомасының 100 пайызына;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың рыноктық құнының 95 пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың рыноктық құнының 85 пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сай сараланады.
2. Банк инвестициясының есебіне енгізілмеген, қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар тәуекел дәрежесі бойынша (банк инвестициясының есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) сараланған активтердің есебіне борыштың тәуекел дәрежесі бойынша енгізілуі мүмкін.
Банк инвестициясы есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілдің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
3. Осы Түсініктемелердің 1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының:
1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;
2) оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы еншілес болып табылатын;
3) оффшорлық аймақтар азаматтары болып табылатын резидент еместеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекел дәрежесі бойынша осы Түсініктемелердің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болу-болмауына қарамастан, Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерінің кестесіне сәйкес сараланады.
4. Осы Түсініктемелердің 1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының:
1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's агенттігінің «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар;
2) Қазақстан Республикасының оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аймақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын резидент еместеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға талаптарды есептемегенде, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайызынан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі немесе борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар, оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын резидент еместеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша сараланады.
5. Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерін есептеу мақсаттары үшін:
жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілген ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы болып түсініледі;
тұтынушылық кредит деп жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алуға берілген кредит түсініледі.
6. Егер бағалы қағаздың шығарылымның арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін саралау кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
7. Валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қосыпағанда, Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес нарықтық тәуекел ескеріле отырып активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара) ; 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 2-қосымшасы
Банктiң тәуекел дәрежесi бойынша өлшенген
шартты және ықтимал мiндеттемелер кестесi