Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 1-тармағының жүз отыз бесінші, жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.