«Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 981 Қаулысы (күші жойылды)

«Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 981 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 435 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 503-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасында:

2, 4, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісімшарт жасасу жолымен беріледі.»;

«4. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жұмыс тобы жүргізеді.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.