(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2012.24.02 № 74 ҚАУЛЫСЫ

Екінші деңгейдегі банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатқа қойылатын талаптарды және екінші деңгейдегі банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) белгіленген сыйақы - қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбек нормаларын орындағаны үшін қызметкердің біліктілігі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны, сапасы мен талаптары ескеріле отырып төленетін еңбекақының (тұрақты жалақының) белгіленген мөлшері;

2) белгіленбеген сыйақы - қаржы ұйымының белгіленген сыйақыдан басқа жұмыс нәтижелеріне қарай төлейтін қаржы ұйымының акцияларын қоса алғандағы, ақшалай сыйақылардың, қосымша ақылардың, үстемеақылардың, сыйлықақылардың, бонустардың және материалдық көтермелеулердің басқа түрлерінің басқа нысандары;

3) қаржы ұйымы - екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.