«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 988 Қаулысы (күші жойылды)

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 988 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Бөлім субсидиялар алу үшін құжаттар қабылдаумен басталатын және аяқталатын күнді белгілейді және құжаттарды қабылдау мерзімі мен басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.»;

8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) субсидияланатын тыңайтқыштар мен гербицидтердің түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына), тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына), гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидиялардың нормалары белгіленеді.»;

10-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) дәнді дақылдар (күріштен, дәндік жүгеріден басқа) бойынша - егіс науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға субсидиялардың базалық нормасы бойынша 100 %. Бұл ретте тұқымды себу үшін пайдалану «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен регламенттеледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.