«Түзеу колонияларының республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы № 117 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес түзеу колонияларының шаруашылық жүргiзу құқығында республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (бұдан әрi - кәсiпорындар) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi белгiленген тәртiппен кәсiпорындардың жарғылық капиталын қалыптастырсын, жарғыларын бекiтсiн және оларды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)