(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.27.05 № 661 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының пошта саласын тұрақтандыру және қаржылай сауықтыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 661 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Халыққа көрсетiлетiн пошта қызметiн сақтау және сапалық деңгейін көтеру пошта байланысы саласына қаржылық-экономикалық тұрақтандыру мен техникалық жетiлдiрудегі дағдарысты жеңу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігінiң жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы Пошта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорнына (бұдан әрi - Пошта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорны) қосу жолымен:

1) 1-қосымшаға сәйкес Пошта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының еншiлес пошта байланысы мемлекеттік кәсiпорындары;

2) «Республикалық арнайы байланыс торабы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне пошта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорнына мынадай операцияларды жүргiзуге лицензия беру ұсынылсын:

1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау;

2) касса операциялары: банкноттар мен монеттердi қабылдау, қайта санау, ұсату, айырбастау, сұрыптау, буып-түю және сақтау;

3) аударым операциялары: ақша аударымы бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;

4) банкноттарды, монеттер мен құндылықтарды инкассациялау және жөнелту;

5) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

6) шарттың (лизингтiң) қолданылу мерзiмi iшiнде жалға берушiнiң жалға берген мүлiкке толық меншiк құқығын сақтай отырып мүлкiн жалға беру.

3. Пошта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорны жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде тартқан қаражат тек мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылады деп белгіленсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.