«Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қазандағы № 1545 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қызметшiлерге қазақ тілін интенсивтi оқыту жүйесiн құру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорындар туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Республикалық мемлекеттік тiлдi жеделдетiп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып айқындалсын.