Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасында Әуе қатынасы туралы келісім (Астана қ., 1999 жылғы 2 қыркүйекте)

Предыдущая страница

 

 

19-бап

Келісім күшінің тоқтатылуы

 

1. Кез келген Тарап кез келген уақытта екінші Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша осы Келісімнің күшін жою туралы ниетін мәлімдейді; мұндай мәлімдеме кешіктірілмей Халықаралық азаматтық авиация Ұйымының кеңесіне жіберілетін болады.

2. Бұл жағдайда, егер тоқтату туралы мәлімдеме осы мерзімнің ішінде екі жақты келісілген түрде кері қайтарылып алынбаса, онда бұл Келісімнің күші осы мәлімдемені алған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін күшін тоқтатады. Мәлімдеме алғаны туралы екінші Тараптан растау құжат болмаса, онда сол мәлімдеме Халықаралық азаматтық авиация ұйымына түскеннен кейінгі он төрт (14) күннің ішінде оны екінші Тарап алды деп есептелетін болады.

 

 

20-бап

Тіркеу

 

Осы Келісім мен оның кез келген кейін болатын өзгерістері Халықаралық азаматтық авиация ұйымында тіркелетін болады.

 

 

21-бап

Күшіне енуі

 

Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалған және Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы жазбаша мәлімдегеннен кейін күшіне енеді.

 

1999 жылғы 2 қыркүйекте Астана қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей заң күші бар.

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Армения Республикасының

Үкіметі үшін

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен

Армения Республикасы Үкіметінің

арасында әуе қатынасы туралы келісімге

Қосымша

 

1. Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсіпорны төменде көрсетілген маршрут бойынша әуе қатынасын пайдалануға құқылы:

Қазақстандағы мекендер - аралық мекендер - Армениядағы мекендер - тысқарыдағы мекендер және кері қарай.

2. Армения Республикасының тағайындалған авиакәсіпорны төменде көрсетілген бағыт бойынша әуе қатынасын пайдалануға құқылы:

Армениядағы мекендер - аралық мекендер - Қазақстандағы мекендер - тысқарыдағы мекендер және кері қарай.

3. Әрбір тағайындалған авиакәсіпорынның қарауынша орнатылған бағыттың кез келген немесе барлық мекендері ұшудың кез келген учаскесінде немесе бүкіл бағытта қалдырып кетілуі мүмкін.

4. Кез келген аралық мекендерге және/немесе тысқарыдағы мекендерге бір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорны осы мекендер мен екінші Тарап мемлекетінің аумағы арасындағы ұшуларды орындауға Бесінші дәрежелі еркіндік құқықтарын берусіз қызмет көрсететін болады.

Дегенмен, бесінші дәрежелі еркіндіктің осындай құқықтары бір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнымен екінші Тараптың авиациялық билік орындарынан алдын ала келісім алғаннан кейін берілуі мүмкін.