Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының «Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 сәуірдегі № 527 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының «Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ірілендіру және қайта атау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: