«Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 240 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 196/НҚ бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 240 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 196/НҚ бірлескен бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 78 бұйрығымен күші жойылды

 

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті (Қ. Ертуғанов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен оның кейін ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары - Қазақстан

Республикасының Өңірлік

даму министрінің

2013 жылғы 19 тамыздағы № 196/НҚ,

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.